Астана жастары Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығымен танысты

М. Горький атындағы орыс драма театрының актерлері "Қызыл алма" және «Мәңгүрт» спектакльдерінен оқушылар мен студенттерге үзінділерін көрсетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Шара Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына арналды. «Айтматов адам жанының жасампазы» шығармашылық кездесуі Орталық балалар-жасөспірімдер кітапханасында болып өтті. Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткізілді.


Студенттермен кездесуге М. Горький атындағы орыс драма театрының бас режиссері, ҚР еңбегі сіңген қайраткері Бекболат Парманов келді.


«Жастардың өзімен тікелей жүздесіп, сөйлесу маңызды. Мұндай әңгімелесулер жас ұрпақ үшін жазушының жаңа қырларын аша түседі, Шыңғыс Айтматовтың қандай тұлға болғанын олар түсінуі керек», — деді режиссер.


Шараның мақсаты — Шыңғыс Айтматовтың шығармашылық мұрасын танымал ету, және де жас көрермендерді тәрбиелеуде ұлы жазушының сахналық шығармашыларын ең үздік заманауи үлгіде көру.


Цитата

Күріштің арқасында су ішіп қалайын)))
Ана посттағы коменттерден бас айналып кетті.
Жаңадан пост бастай салайын.
Ал, уәдемде тұрып, цитаталардан сый арнадым сіздерге.
Әрі қарай

Эстафета. Қалдықыздың оқығандары

Малика қолыма алауды ұстатқан соң, бас тартуға ұялдым :)
Эстафета жалғасын табуда, мен ұсынатын 3 шығарма
Менің кітап түгілі гәзит оқуға онша ықыласым жоқ, әсіресе соңғы 2-3 жылда.
Бірақ (Балжанның так-тагымен әзер үйрендім бірақ деп жазып :))))), онымды түсіндіре алмаймын да неге екенін, оқығым келмейді. Сәтекеңнің әңгімелері кітап болып шықса оқыр ма едім. Жә, енді кітап жайлы, өзі оқыған санаулы кітаптарымның ішінде (қысқа шығармалар мен жұқа мұқабалы махаббат туралы әңгімелер де осының ішіне кіреді)
Әрі қарай

Эстафета. Мадленнен 3 кітап :)

Жаз дедi, жаздым… TERISKEY лақтырған таяқпен…

«Гарри Поттер» (7 кiтаптан турады)
Дж. К. Роулинг


Менің ең сүйіп оқитын кітабым екенін білесіздер уже :)
Ең алғашқы кiтабы осыдан 10 жылдай бұрын шықты. 7 кiтаптан тұрады екен деп қорқатындарга айтатыным: окуға өте жеңіл жазылған, сюжеті белгілі бір оқиға бойынша құрастырылып, сол сюжет бойынша өрбиді. Шашыраңкы ой жоқ.
Әрі қарай

3 кітап ұсынамын

Эстафетаны Өркеннен қабыл алдым.

Маргарет Митчелл «Желмен ғайып болғандар» («Унесенные ветром»).

«Ертең… Бәрін де ертең ойланамын!»
Скарлетт О’Хара

Бұл кітапты алғаш 17-18 жастарымда оқыдым ғой деймін. Сол кездері осы батыл қыздың мінезіне аса тәнті болған едім. Оның бойындағы батырлық, бірбеткейлік, қаталдық, махаббаты үшін дүниені төңкеріп жібере алатындай қасиеті – әрбір қыздың бойында жігерлік тудыртатыны сөзсіз. Америкадағы Азаматтық соғыс кезінде сүйікті әкесінен, анасынан, туған жерінен айрылып, кейін бәрін қайта қалпына келтіруге қолынан келгеннің бәрін жасайды. Көптеген істерге сүйіктісі Эшлиды қайтару үшін істегенімен оның бойында үлкен рух бар – жеріне, тіліне, қоғамына деген сүйіспеншілік. Менің ойымша дәл Скарлеттей емес, бірақ тым болмаса 20 пайыз осындай жігерлік әрбір арудың бойынан табылу керек деп ойлаймын. Екі томдық кітап. Кейін Маргарет Митчелл қайтыс болып, «Скарлетт» деген екі томдықты Александра Риплей деген жазушы жазған екен. Оны да оқыдым. Бірақ автор ауысқаннан кейін жанр да біраз өзгеріп кеткен сияқты болды.

Әрі қарай